Сәрсенбіде еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады
Опубликовано:

Синоптиктер бүгін, желтоқсанның 28-і күні еліміздің ірі қалаларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жауын-шашын болмайды. Күндіз мегаполисте +2…+4 градус жылы болады, желдің жылдамдығы 0-5 м/с-ке дейін жетеді.
Сол сияқты Астанада күн ала бұлтты болады, күндіз қар жуу ықтимал. Елордада күндіз -9…-11 градус аяз болса, желдің жылдамдығы 2-7 м/с-ке дейін жетеді.
Шымкентте де синоптиктер жауын жауады деп болжап отыр. Қалада ауа температурасы +6…+8 градусты көрсетіп, желдің жылдамдығы 5-10 м/с-ке жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003341-sarsenbide-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/