Қарағанды облысындағы станциялардың бірінде 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті
Жарияланған күні:
Қарағанды облысында Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 желтоқсан күні, сағат 07:45-те орын алған. Белгілі болғандай, Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кеткен. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуі жеке меншік иесіне тиесілі, бірінші астық тасымалдаушы доңғалақ жұбының кептелісіне байланысты орын алған.
Сонымен қатар, бүгінде тексеру үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да арнайы комиссия құрылғандығы анықталды
"Осы учаскедегі пойыздар қозғалысы көрші жолмен ұйымдастырылған. Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушылар пойызы кідірілді. Вагондардың жолдан шығуы салдарын жою үшін Қарағанды, ЖаңАрқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003413-qaragandy-oblysyndagy-stanciyalardyn-birinde-19-zuk-vagony-relsten-sygyp-ketti/