Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отшашу, премьера, мерекелік концерт: Астанада биыл Жаңа жыл мерекесі қалай аталып өтеді

Опубликовано:

Елордадағы отшашу
Отшашу. Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елорда әкімдігі ресми сайтында Жаңа жыл мерекесіне орай желтоқсанның 29-ы мен 31-і аралығында Астанада қандай іс-шаралар өтетінін хабарлады. Биыл астаналықтарды концерттер мен жаңа жылдық отшашу күтуде.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, жаңа 2023 жыл қарсаңында Астанада кез келген жастағы қонақтар мен қала тұрғындары үшін ондаған мерекелік іс-шара өтеді.

Мәселен, 29 желтоқсан күні түстен кейін Жастар" театрында "Золушка" ертегісін көрсететін жаңа жылдық ертеңгілік болады.

28-30 желтоқсан күндері Қуыршақтар театры көрермендерге арнап "Жаңа жыл" қуыршақ шоуын қояды.

Сондай-ақ 29 желтоқсанда сағат 11:00 және 15:00-де мемлекеттік академиялық филармонияда "Қояндар" атты жаңа жылдық шоу-спектакль өтеді.

Сол күні сағат 10:00, 12:30 және 15:00-де, сонымен қатар 30 желтоқсанда сағат 12:30-да "Жастар" сарайы жаңа жылдық "Қоянды кім ұрлап кетті?" атты ертеңгілігін, сол сияқты оқушыларға арналған дискотека өткізеді.

29 желтоқсанда сағат 11:00-де Сәкен Сейфуллин мұражайы №80 мектеп оқушыларымен кездесу өткізесе, сағат 19:00-де QAZAQSTAN ОКЗ сахнасында Neprosto orchestra-ның концерті өтеді.

Осы уақытта "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры Балнұр Қыдырбектің "Қалқаман-Мамыр" опера-балет премьерасын ұсынады.

29, 30 және 31 желтоқсан күндері сағат 19:00-де "Астана Балет" театрында Петр Чайковскийдің "Щелкунчик" қойылымы көрсетіледі.

31 желтоқсан күні

Сағат 11:00 және 13:00-де Музыкалық жас көрермен театрының сахнасында Уфимцевтің "Щелкунчик" ертегісінің премьерасы өтеді.

Сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін "Жаңа жыл – жаңа жол" концерті елорданың барлық аудандарында, сонымен бірге Кирпичный, Өндіріс, Көктал, Үркер, Интернациональный елдімекендерінде ұйымдастырылады.

Қалалық алаңда, "ЭКСПО" көрме орталығының жанындағы алаңда, "Қазақ елі" монументінің жанында сағат 22:00-ден 3:00-ге дейін мерекелік концерт өтеді.

Мерекелік шаралар сағат 00:00-де отшашумен аяқталады. Отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылып отыр.

Отшашуды Есіл өзенінің жағасындағы Кенесары хан ескерткіші маңынан, Ботаникалық бақтан, Қабанбай батыр мен Бұқар Жырау даңғылдарының қиылысы аумағынан тамашалауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003489-otsasu-men-koncertter-astanada-biyl-zana-zyl-qalai-toilanady/

pixel