Алматы облысының әкімдігі бұрынғы казино ғимаратына көшті
Жарияланған күні:
Алматы облысының әкімдігі Қонаевтағы бұрынғы казино ғимаратына көшті. Ақпаратты департаменттің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Баспасөз қызметі Алматы облысының әкімдігі Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 16/4 мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 11 891,8 шаршы метрді құрайтын әкімшілік ғимаратқа көшкенін мәлім етті.
"Ғимарат ұзақ уақыт бойы бос тұрды. Осы жазда иесі бұрынғы ойын инфрақұрылымын бөлшектеп, кеңсе ретінде жабдықтады", – деп хабардар етті Алматы облысының әкімдігі.
Әкімдіктің мәліметінше, ғимаратта әкім аппаратынан бөлек, Алматы облысының бірқатар басқармасы да орналасқан.
Сондай-ақ әкімдік ғимаратты жалға алу және сатып алу құны нарықтағы бағадан төмен екенін, алдағы уақытта ғимаратты сатып алу көзделіп отырғанын атап өтті.
Еске салайық, биыл сәуір айында Алматы облысы әкімдігінің Қонаевтағы ойынханалардың бірінің ғимаратына көшетіні туралы ақпарат тараған еді. Алайда сол кезде әкімдік бұның қауесет екенін, жұмыс комиссиясы қазір қаладағы әр түрлі нысандары қарап жатқанын айтқан еді.
Қыркүйек айында Алматы облысы әкімінің апаратты Қонаев қаласы әкімдігінің ғимаратына орналасқаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003600-almaty-oblysynyn-akimdigi-buryngy-kazino-gimaratyna-kosti/