jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Шымкентте жаңа жыл қарсаңында 120 отбасы баспаналы болды

    Қоныс тойы
    Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

    Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Шымкентте "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Бақытты отбасы" бағыты бойынша 120 отбасы несиелік баспанаға қол жеткізіп, қоныс тойын тойлады.

    Пәтер кілтін тапсыруға арналған салтанатты шараға Шымкент қаласы маслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов пен қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысып, азаматтардың қуанышын бөлісті.

    Қонсы тойы
    Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

    Айта кетейік, аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын "Югстройсервис-Н" ЖШС-і мен "Орион ЛТД" ЖШС-і мердігер мекемелері жүргізген.

    Қоныс тойы
    Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

    Шымкент қаласында биыл 1 527 азамат сатып алу құқығынсыз арендалық пәтермен қамтамасыз етілсе, оның 857-і жастар бағдарламасы негізінде 5 жылға табысталуда. Одан бөлек несиелік негізде 1 269 азамат баспанамен қамтылды.

    Қоныс тойы
    Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.