Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Жаңа жылға орай демалыс күндері қоғамдық көліктер қалай қатынайды

Опубликовано:

Елордадағы №18 автобус
Елордадағы №18 автобус. Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Жаңа жылға байланысты қазақстандықтар төрт күн демалады. Осы орайда Астана әкімдігі демалыс күндері елордадағы қоғамдық көліктердің жүруі кестесін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, мереке күндері елорданың қоғамдық көліктері келесідей қатынайды:

2023 жылғы 1 қаңтар демалыс күнінің кестесі

Бұл күні барлық қалалық маршруттар мен қала маңындағы маршруттар (№303, 304, 306, 307, 320, 323, 326) таңғы 10:00-ге дейін жолға шығады. Сағат 10.00-ден кейін қоғамдық көліктер штаттық кестеге сай қатынайды.

Қала маңындағы №№302, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 318, 319, 321, 322, 327 маршруттардың қозғалысы демалыс күндері таңғы 10.00-ден басталады.

2023 жылдың 2 және 3 қаңтар күндері қоғамдық көліктер жоғарыдағы демалыс кестесі бойынша қатынайды.

4 қаңтардан бастап қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмысы кестесіне сәйкес жүретін болады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда мереке күндері қоғамдық көліктердің қалай жұмыс істейтінін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003837-astanada-zana-zylga-orai-demalys-kunderi-qogamdyq-kolikter-qalai-zumys-isteidi/

pixel