Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдердің көлемі қалай өзгереді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдердің көлемі өзгереді. Мәселен, елдегі ең төменгі зейнетақы осыған дейін 68 223 теңге болса, ендігі жылдан бастап 77 417 теңгеге дейін артады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ең төменгі жалақы өседі, зейнет жасын ұзарту тоқтатылады. Ал қарызын төлей алмай жүргендер өзін банкрот деп жариялауына мүмкіндігі бар. Келе жатқан жылдың бұдан өзге де жаңашылдықтары жетерлік.

Жаңа жылдан бастап әлеуметтік сала бойынша қазақстандықтарды бірқатар жаңашылдық күтіп тұр. Президенттің күздегі жолдауында айтылған бала күтіміне байланысты төлемді бір жарым жылға арттыру алдағы 2023 жылдан басталмақ. Осыған қатысты декрет демалыындағы аналарды мазалаған сауал көп.

Балалары 1 жасқа толып, жәрдемақысы тоқтап қалғандар қайтпек? Әлде бұл өзгерістер тек жаңа жылдан кейін жасқа толатындарға ғана қатысты ма?

"Бұл жәрдемақы, яғни бір жасқа толмаған балаларға келесі жылға автоматты түрде создырылатын болады. Құжат тапсырып керек емес. СМС хабарламасы жіберіледі. Сол хабарламаға жауап беру арқылы автоматты түрде жәрдемақы созылады", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек департаментінің директоры Айнұр Әбдірахманова.

2023 жылы көпбалалы аналарға, яғни төрт және одан да көп баласы бар отбасыға төленетін жәрдемақы мөлшері де артады. 4 балаға 55 304 теңге, 5 балаға 69 138 теңге, 6 балаға 82 973 теңге, 7 балаға 96 807 теңге, 8 балаға 110 400 теңге төленеді.

Ал сегізден көп баласы бар отбасыларға одан кейінгі әр бала үшін 13 800 теңге қосылады. 9 балаға 124 200 теңге, 16 балаға 220 800 теңге. "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегері ретінде қосымша жәрдемақы да алады.

2023 жылы мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-анаға, қамқоршы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін күтушілердің шотына міндетті зейнетақы жарнасы аударылады.

Ал жеке көмекші қызметінің құны орташа айлық есептік көрсеткіштің 12 пайызын құрайды. Келесі жылдан бастап оларға төленетін ай сайынғы жалақы 100 мың теңгеге өсті. Жыл сайынғы дәстүрмен айлық есептік көрсеткіш 2023 жылы 3 450 теңге болып белгіленді.

Әдетте мұны біз жәрдемақы, айыппұл, салық және басқа да төлемді есептеуге қолданамыз. Яғни айлық есептік көрсеткіш өссе, жәрдемақы мен айыппұл да артады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003847-1-qantardan-bastap-aleumettik-tolemderdin-kolemi-qalai-ozgeredi/

pixel