Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде рөлде отырған көлік жүргізушісінің эпилепсиясы ұстап қалды

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Семейде рөлде отырған көлік жүргізушісінің эпилепсиясы ұстап қалды. Абырой болғанда, оған тәртіп сақшылары дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға таңертең Семей қаласында болған. Көлік жүргізушісіне аға лейтенант Әли Әділғазинов пен Олжас Үйсімбаев көмекке келген.

"Қазіргі уақытта ер адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - деді құқыққорғаушылар.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда көлік жүргізушінің эпилепсиясы ұстап қалған соң бағанаға соғылғанын жазғанбыз. Оған көмекке тәртіп сақшылары келген. Олар көліктен ер адамды шығарып, медицина бригадасын шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003862-semeide-rolde-otyrgan-kolik-zurgizusisinin-epilepsiyasy-ustap-qaldy/

pixel