Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей тұрғыны ұялы телефонына қосымша орнатып, 6 миллионға жуық теңгесінен айрылды

Опубликовано:

Көрнекі
Ұялы телефон. Көрнекі фото: Рexels.com

Семей қаласының тұрғыны "банк қызметкерлерінің" қоңырауынан кейін ұялы телефонына AnyDesk қосымшасын орнатып, 5,8 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 27 желтоқсан күні Семей қаласының 36 жастағы тұрғынына өздерін банк қызметкерімін деп таныстырған белгісіз біреулер телефон соққан.

Оны сендіру үшін олар тұрғынның аты-жөнін, әкесінің атын, туған күнін және басқа да жеке мәліметтерін айтқан.

Осыдан кейін олар ер адамды банк карталарын екі факторлы қорғауды қамтамасыз ету үшін AnyDesk қосымшасын орнатуға көндірген.

Жәбірленуші нұсқауды орындап, телефонның ар жағындағы "банк қызметкерлеріне" бір реттік кодты айтқан. Сол сәтте қоңырау шалушылар құрбанының құрылғысына қол жеткізіп, нәтижесінде ер адам 5,8 миллион теңгесінен айрылған.

Семей қалалық криминалдық полиция бөлімінің бастығы Ернар Ахметов атап өткендей, AnyDesk қосымшасын пайдалана отырып, алаяқтар өзге біреудің компьютеріне немесе ұялы телефонына толық қолжеткізіп, басқара алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003877-semei-turgyny-uyaly-telefonyna-qosymsa-ornatyp-6-millionga-zuyq-tengesinen-airyldy/

pixel