Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы аман-есен табылды

Опубликовано:

тауда жүрген адамдар
Тауда жүрген адамдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы дін аман табылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында.

"2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 20-30-да Республикалық жедел-құтқару жасағы тобының және Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының күшімен Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автокөлік табылды. Адамдардың саны анықталуда, алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.

Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен. Көбінің машинасында жанармай таусылып қалған. Қазіргі уақытта құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды машиналарымен колонна арқылы эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде", - делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство аман-есен табылған отбасы мүшелері жоспарланған туристік маршруты туралы облыстық ТЖД-ға ескертпегенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 08:00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті кезекші бөлімінің пультіне Еңбекшіқазақ ауданында Шелік ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғылып кеткені туралы хабарлама келіп түскен еді.

Олар 2023 жылдың 2 қаңтарында екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай жолға шығып, үйлеріне оралмаған.

Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарына Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, Республикалық жедел-құтқару жасағы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, аудандық ішкі істер бөлімі мен еріктілер жұмылдырылған.

Министрлік бұдан бөлек, әуе кемесін тарту жоспарланғанын айта кетті, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл мүмкін болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004005-almaty-oblysynda-zogalyp-ketken-7-adamnan-turatyn-otbasy-aman-esen-tabyldy/

pixel