Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев белгілі ақынның ұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ақын, мәдениет қайраткері Серікзат Дүйсенғазыға ұлы Әлиханның мезгілсіз дүниеден өтуіне орай көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Отбасыңызға зор ауыртпашылық әкелген қаралы хабар бәрімізге ауыр тиді. Ұлыңыз Әлиханның мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.

Ата-ана үшін перзентін жоғалтудан асқан қасірет жоқ. Мұндай өзекті өртейтін жағдайда сабыр сақтап, бекем болыңыз.

Ұлыңыздың жаны жәннатта, иманы саламат болсын! Шаңырағыңызға тек жақсылық тілеймін!", - делінген жеделхатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004094-toqaev-belgili-aqynnyn-ulynyn-qaitys-boluyna-bailanysty-konil-aitty/

pixel