Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК: Арнайы операция кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 басшысы мен белсенді мүшелері ұсталды

Опубликовано:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

3 қаңтарда Байқоңыр қаласындағы арнайы операция кезінде құрамына Қазақстан және Ресей азаматтары кірген қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, арнайы операцияны Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі және Ішкі істер министрлігімен бірігіп өткізген.

ҰҚК-нің хабарлауынша, сондай-ақ бір уақытта Астана, Қызылорда және Қонаев қалаларында аталған топтың көмекшілері ұсталған. 

"Жалпы арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 басшысы мен белсенді мүшелері ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлері бойынша атыс қаруы, ақшалай қаржы және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де материалдар алынды.

Қылмыстық топтың адам ұрлауға, бопсалауға, қарумен қарақшылық шабуылдау және ұрлыққа қатыстылығы бары анықталды.

Қылмыстық элементтер ұзақ уақыт бойы Байқоңыр қаласы және Қызылорда облысындағы қылмыстық ахуалға кері әсер етіп келіп, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауда қатыгездіктерімен ерекшеленген.

Мысалы, 2022 жылғы қыркүйекте қылмыстық топтың қатысушылары арасындағы қарулы қақтығыс салдарынан көшеден өтіп бара жатқан бейбіт адам оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Ведомство ҰҚК қызметкерлері арнайы операцияға прокуратурамен келісе отырып, жедел-іздеу және техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу арқылы бірнеше ай бойы тыңғылықты дайындалғанын атап өтті.

ҰҚК қазіргі уақытта сот алды тергеу аясында ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатқанын және қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004104-uqk-arnaiy-operaciya-barsynda-uiymdasqan-qylmystyq-toptyn-18-bassy-men-belsendi-museleri-ustaldy/

pixel