Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжілістің жалпы отырысы қаңтар құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды

Опубликовано:

Қаңтар құрбандарын еске алу
Мәжіліс отырысы қаңтар құрбандарын еске алудан басталды. Видеодан кадр: Мәжілістің youtub арнасы

Мәжілістің биылғы алғашқы жалпы отырысы қаңтар оқиғасының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін мәжіліс отырысында "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының қаңтар оқиғасына қатысты сауалына еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов пен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жауап береді.

Мәжіліс отырысын мына сілтемеден көре аласыз.

Сондай-ақ бүгін мәжілісте қаңтар оқиғасына қатысты арнайы көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде тәркіленген, табылған қару-жарақтар, полицейлердің зақымдалған каскалары мен басқа да жабдықтары көпшілікке ұсынылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004204-mazilistin-zalpy-otyrysy-qantar-qurbandaryn-bir-minut-unsizdikpen-eske-aludan-bastaldy/

pixel