jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратынан шығып бара жатқан сәті түсірілген кадрлар көрсетілді

Серік Күдебаев
Серік Күдебаевтың полиция ғимаратынан шығып бара жатқан сәті. Видеодан кадр: Парламент мәжілісінің жалпы отырысы

Бас прокуратура мәжілістің жалпы отырысында Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратынан шығып бара жатқан сәті түсірілген кадрларды көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар бірқатар полиция департаменттері мен ҰҚК басшыларының құзырлы орган ғимараттарын басып алудан аз уақыт бұрын қарамағындағыларға тарау туралы бұйрық бергені туралы ақпарат аясында көрсетілген.

"Қаңтар оқиғасы кезінде бірқатар өңірде ҰҚК мен полиция департаменті басшылары қарамағындағыларға жұмыс орнын тастап кету жөнінде бұйрық берген. Мысалы, мына кадрлардан Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы сол кезде комендант болған Серік Күдебаевтың мекеме ғимаратын тастап кеткенін көруге болады", - делінген видеода.

Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратынан шығып бара жатқан сәті түсірілген кадрлар көрсетілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.