Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Асылов: бұрынғы қорғаныс министрі қаңтар оқиғасы кезінде заңсыз бұйрықтар берген

Опубликовано:

Мұрат Бектанов
Мұрат Бектанов. Фото: Қорғаныс министрлігінің ресми сайтынан алынды

Еліміздің Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы туралы мәжілісте баяндама жасау кезінде Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ТЖ кезінде стратегиялық әскери нысандарды қорғаныссыз қалдырып, заңсыз бұйрықтар бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әскери сотта бұрынғы қорғаныс министрі Бектанов ісі бойынша тыңдалымдар жалғасуда. Тергеу ТЖ кезінде оның заңсыз бұйрықтар беріп, әскери стратегиялық нысандарды қорғаныссыз қалдырды деп есептейді. Бұрынғы қорғаныс министрі елдегі конституциялық тәртіпті орнату бойынша шараларды қолға алмаған.

Тәртіпсіздікке қатысушылар саны, әсіресе Алматыда басым болды. Олар қоршауды бұзып, полиция мен Ұлттық гвардия күштерін жаншып, халықты қорқынышта ұстады. Салдарынан қылмыскерлер қолынан адамдар қаза тауып, қалалар тоналып, өртелді.

Сондықтан Бектанов ҚР ҚК 451-бабы, 3-тармағы бойынша әскери жағдайда қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталып отыр", – дейді Берік Асылов.

Оның айтуынша, Бектановтың әрекеттеріне қорытынды құқықтық баға мен жазалау шарасын сот анықтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004242-berik-asylov-buryngy-qorganys-ministri-qantar-oqigasy-kezinde-zansyz-buiryqtar-bergen/

pixel