Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында үш бала көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға түсті

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында жылыту пешін дұрыс қолданбау салдарынан бес адам, оның ішінде үш жас бала көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты.

Министрліктің хабарлауынша, кеше, 4 қаңтар күні Алматы облысы Кеген ауданының Кеген ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйде төрт адам улы газға уланған. Бұл туралы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне орталық аудандық ауруханадан хабарлама келіп түскен.

Мән-жайды анықтау үшін шақыру орнына дереу Кеген ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері жіберіледі.

"Шақыру орнына келгеннен кейін бітелген мұржаның салдарынан қатты отынмен жылытуды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелері бұзылғаны анықталды. Содан 4 адам көміртегі тотығымен уланғаны белгілі болды: 1997 жылы туған әйел және 2019, 2020 және 2022 жылғы 3 бала. Олар орталық аудандық ауруханаға жатқызылды, жағдайлары орташа дәрежеде", – делінген хабарламада.

Бірақ Алматы облысы ТЖД қызметкерлері өткен жылы 9 желтоқсанда аталған көппәтерлі тұрғын үйді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынама мен түбіртек-ұсыныс таратқанын хабарлады.

Дәл сол күні, яғни 4 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық ауруханасына улы газдан уланған әйел адам түскен. Ол 1956 жылы туған Пресновка аудан орталығындағы жеке тұрғын үй иесі болып шықты.

"Әйелдің қатты отынмен жылытылатын пештің түтінденуі салдарынан уланғаны анықталды. Егжей-тегжейлі тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзушылықтар анықталды. Түтін құбыры, түтін мұржасы, жылыту пешінің элементтері жылыту кезеңінің басында және оның барысында тазаланбаған, пеш жарамды есіктермен жабдықталмаған, жанғыш конструкциялардан қашықтық нормалары қамтамасыз етілмеген", – дейді ТЖ мамандары.

Белгілі болғандай, көрсетілген мекенжайға барып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамалар таратып, ауланы аралау 2022 жылдың желтоқсан айында жүргізілген.

ТЖМ азаматтардан жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Егер өрт орын алған болса, дереу 101 немесе 112 телефонына қоңырау шалу қажеттігін еске салады.

Төтенше жағдайлар министрлігі уланудың және адам өлімінің алдын алу мақсатында тұрғындарға үйлерінің, пәтерлерінің өртке қарсы жай-күйін тексеруді, пеш және электр сымдары мен электр аспаптарының жарамдылығына ерекше назар аударуды ұсынады. Егер қандай да бір кемшіліктер табылса, оларды дереу жою қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004279-almaty-oblysynda-us-bala-komirqysqyl-gazyna-ulanyp-auruxanaga-tusti/

pixel