Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Генерал-майор Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы басталды

Опубликовано:

Серік Күдебаев
Талдықорғандағы сот отырысы. Фото: NUR.KZ

Талдықорған қалалық сотында Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның адвокаты қылмыс құрамы және қылмыс оқиғасының жоқтығына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берді.

"Сотталушының іс-әрекетінде қылмыс оқиғасы да, айыпталған қылмыстық әрекеттердің құрамы да жоқ.

Осыған байланысты, сіздерден осы қылмыстық істі тоқтатуды және бүкіл өмірін ең күтпеген, қауіпті және төтенше жағдайларда өз борышын адал атқарған, ал қазір жүздеген азаматтардың өмірін сақтап қалғаны үшін және наразылық көңіл-күйдің өсуін болдырмау мақсатында әділетсіз қудаланған, Отанға жанқиярлық қызметін арнаған генерал-майор Серік Құдебаевты қызметке қайтаруды сұраймыз", – делінген өтініште.

Айта кетейік, 2022 жылдың көктемінде Серік Күдебаевтің қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғаны белгілі болды. Ол қызметтегі ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекетсіздігі үшін айыпталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004283-general-maior-serik-kudebaevqa-qatysty-sot-otyrysy-bastaldy/

pixel