"Тарихты бұрмалауға жол бермеу керек": Қошанов қаңтар оқиғасы туралы айтты
Жарияланған күні:
Мәжілістің қаңтар трагедиясына арналған арнайы отырысының қорытындысы бойынша палата спикері Ерлан Қошанов тәртіпсіздікті ұйымдастырушылардың көздегені – қантөгіспен болсын, қандай да жолмен болсын билікті басып алу болғанын атап өтті, деп хабарлайды палатаның ресми Telegram-арнасы.
"Бұл, ашығын айтқанда, Тәуелсіздікке жасалған қастандық болатын! Бірақ халқымыздың ақыл-парасаты мен бірлігінің, президентіміздің ерік-жігерінің арқасында мемлекеттігімізді сақтап қалдық. Бүлікшілердің басты мақсаты – халықты үрейлендіріп, қоғамды аласапыран қылып, президентті қызметінен кетуге мәжбүрлеу еді.
Мен мемлекет басшысының осындай қиын жағдайда мойнына ауыр жауапкершілік алып, батыл шешімдер қабылдағанына куә болдым", – деді спикер.
Ерлан Қошанов өз тарихымызды бұрмалауға жол бермеуіміз керектігін, сол үшін құқық қорғау органдары барлық болған жағдайдың анық-қанығын мұқият тергеп-тексеріп жатқандығын баса айтты.
Бұл мәселе әрдайым депутаттардың басты назарында, тұрақты бақылауында болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004311-tarixty-burmalauga-zol-bermeu-kerek-qosanov-qantar-oqigasy-turaly-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.