Қарағанды облысында ӨЖЖ аппаратындағы нәресте жатқан жедел жәрдем көлігі тас жолдан шығып кетті (фото)
Жарияланған күні:
Шала туған нәресте бар жедел жәрдем көлігі 5 қаңтарға қараған түнде Қарағанды облысындағы Шахтинск маңында тас жолдан шығып кетті, деп хабарлайды өңірдегі ТЖД ресми Instagram-аккаунтында.
Құтқарушылардың айтуынша, оларға 5 қаңтарда сағат түнгі 00:03-те Дубовка ауылынан 2 шақырым жерде кішкентай нәрестені әкеле жатқан жедел жәрдем көлігі тас жолдан шығып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Қатты боран мен көктайғақ жағдайында оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел жәрдемде жаңа туған нәрестенің жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын және арнайы құралсыз көшіру мүмкін еместігін анықтайды.
Бірақ жедел жәрдем көлігін жолға шығару мүмкін болмады, себебі ол жолдан 20 метрден астам қашықтықта болған.
Жедел жәрдем жүргізушісінің айтуынша, жанармай аз болған және жағдай дереу шешуді талап еткен.
Оқиға орнына құтқарушылардың жедел әрекетімен жанармай мен жылы киімдер жеткізілді.
"Баланы Қарағандыдан келген жедел жәрдем көлігіне уақыт жоғалтпай жеткізу үшін тез арада жол тазартылды, өйткені дәрігерлердің айтуынша, жасанды тыныс алу аппаратынсыз баланы 30 секундтан артық ұстауға болмайды. Қызметкерлердің ұқыпты және уақтылы әрекетінің арқасында бала жедел жәрдемге жеткізіліп, кейін Қарағанды қаласының ауруханасына жатқызылды", – делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004313-qaragandy-oblysynda-ozz-apparatyndagy-zana-tugan-nareste-mingen-zedel-zardem-koligi-tas-zoldan-sygyp-ketti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.