Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қымыз өндірісі азайды

Жарияланған күні:

қымыз-шұбат
Қымыз. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Былтырғы 11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қымыз өндірісі 9,2 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ресми Telegram-арнасында.

"Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қымыз өндірісі 9,2 пайызға төмендеген. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-қараша аралығында 1 520 тонна қымыз өндірілді, ал 2021 жылдың тиісті кезеңінде көрсеткіш 154 тоннаға артық болған.

Бұл ретте шұбат өндірісі 7,8 пайызға артты. Мәселен, өткен жылдың 11 айында түйе сүтін өндірушілер 2 644 тонна шұбат алған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 191 тоннаға артық", – делінген бюроның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004314-elimizde-qymyz-ondirisi-azaidy/