Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында 62 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр

Жарияланған күні:

Ер адам. Көрнекі сурет
Ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қызылорда облысында 1961 жылғы ер адам үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның хабарлауынша, оқиға Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында болған. 1961 жылғы ер адам таңғы сағат 5 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қазіргі таңда 61 жастағы ер азаматты іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Адам жоғалғаны туралы арызға байланысты аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мен жедел уәкілдерінен топ құрылды. Жедел іздестіру амалдары жүргізілуде", - дейді Қызылорда облыстық полиция департаменті қызметкерлері.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында полицейлер бірнеше күн бойы іздеген ер адам аман-есен табылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004345-qyzylorda-oblysynda-62-zastagy-er-adam-izdestirilip-zatyr/