Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында құтқарушылар бірнеше күн іздеген ер адам табылды

Опубликовано:

Полицейлер. Көрнекі сурет
Полицейлер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырау облысы Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның мәліметінше, 1 қаңтарда жоғалған ер адам көршілес Шортанбай ауылынан табылған.

"Шортанбай ауылындағы дүкен сатушысы мен учаскелік полиция инспекторы жоғалған ер адамды танып, жедел әрекет еткен. Соның нәтижесінде жүйке ауруларымен есепте тұрған 51 жастағы ер адам ағайын-туыстарына жеткізілді. Туысқандарының сұрауы бойынша бұдан өзге ақпаратты жариялай алмаймыз", -дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сол сияқты облыстық ТЖД ұсынған мәліметтерге сәйкес, Құрманғазы ауданындағы Көптоғай селолық округінің тұрғыны 1 қаңтарда жоғалып кеткен. Осылайша, туыстары ер адамның жоғалғаны туралы хабарды 2 қаңтарда берген.

"Аталған селолық округ Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөліміне қарасты №7 өрт сөндіру бөлімінен 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Соған қарамастан, аталған бөлімнің құтқарушылары 2023 жылдың 1 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған 1972 жылғы ер адамды іздестіруді тоқтатқан жоқ. Бұгін, 4 қаңтарда сағат 17:00 кезінде табылған ер адам медициналық көмекті қажет етпеді", -деп хабарлады құзырлы ведомство өкілдері.

Айта кетерлігі, із-түзсіз жоғалған тұрғынды іздестіруге 8 адам мен 3 техника тартылған. Оның ішінде төтенше жағдайлар бөлімінен 6, аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері бар. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарына жергілікті атқарушы орган мен ауыл тұрғындары да қосылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін құтқарушылар еліміздің бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бес адамды іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығын хабарлаған едік. Аталған тұрғындардың арасында Атырау облысының Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының да тұрғыны бар еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004168-atyrau-oblysynda-zana-zylda-zogalgan-er-adam-tabyldy/

pixel