jitsu gif
Денсаулық

    Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өсті

    COVID-19 тест
    Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

    Елімізде соңғы аптада коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өсті. Мәселен, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 211-ді құрады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты хабарлады.

    Ведомствоның мәліметінше, бір тәулік ішінде тағы сегіз адамнан ковидті пневмония анықталған.

    Сондай-ақ 6 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 589 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатқаны, оның ішінде 283 пациент стационарда, 2 306 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатқаны белгілі болды.

    Бұған қоса КВИ-ға шалдыққандардың арасында:

    • 12 адамның жағдайы ауыр,
    • 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
    • 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

    Айта кетейік, COVID-19-ға шалдыққан науқастар санының күрт өсуі 3 қаңтар, дүйсенбіден басталған еді. Осылайша, тек өткен тәулікте елімізде 115 адамнан КВИ анықталған болса, оның алдындағы тәулікте ел бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 87 адам болатын.

    Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.