Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде кісі қолынан қаза тапқан 4 жасар бала жерленді

Опубликовано:

Қонжық. Көрнекі сурет
Қонжық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбеде кісі қолынан қаза тапқан 4 жасар баланың денесі жер қойнына тапсырылды. Ал балақайдың ағасы мен інісіне бүгінде психологиялық көмек көрсетілуде. Бүлдіршіннің өліміне күдікті тұрғын бүгінде сот санкциясымен қамауда отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, жақында Ақтөбеде 4 жасар баланың денесі жер қойнына тапсырылған. Бала өліміне күдікті бүгінде қамауға алынған. Сондай-ақ кейбір мәліметтер бойынша, бүлдіршіннің өліміне оның туған әкесі күдіктеліп отыр.

"Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу соты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", - дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы Айжамал Сүндетова.

Телеарна ұсынған мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиғадан кейін балақайдың туған ағасы пен әпкесі "Аяла" балаларды қорғау орталығына орналастырылған. Сондай-ақ қайтыс болған 4 жасар бала үшемдердің бірі болғаны анықталды. Әлеуметтік қызметкерлердің айтуынша, қылмысқа күдікті ретінде балалардың әкесі қамауға алынғандықтан, қалған екі бүлдіршін осы орталыққа жолданған.

"Қазір олардың жағдайы жақсы. Ортаға сіңісіп жатыр. Олармен күн сайын психологтар, педагогтар, тәрбиешілер мен медициналық қызметкерлер жұмыс істеуде. Олар толығымен мемлекеттің қамқорлығына алынды. Қазіргі таңда бөбектер медициналық тексеруден өтіп жатыр. Әжесі мен әкесін іздеп жатқан жоқ", - дейді "Аяла" балаларды қорғау орталығының директоры Жаңылсын Нұрғалиева.

Белгілі болғандай, балалардың анасы ата-ана құқығынан айырылған. Балалар әкесіне 2022 жылдың қараша айында берілген. Олар әкесімен бірге жатақханада бар болғаны бір жарым ай ғана бірге болған. Қазір марқұм балақайдың ағасы мен әпкесін асырап алатын отбасы іздестірілуде, дейді телеарна тілшілері.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004384-aqtobede-kisi-qolynan-qaza-tapqan-4-zasar-bala-zerlendi/

pixel