jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Еліміздегі екі ірі ГЭС "Самұрық-Қазына" қорына өтетін болды

Су электр станциясы. Көрнекі сурет
Су электр станциясы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өскемен және Шүлбі гидроэлектрстанцияларының (ГЭС) мемлекеттік үлесі "Самұрық-Қазына" қорының акцияларын төлеуге берілмек. Үкіметтің тиісті қаулысы "Әділет" АҚЖ сайтында жарияланды.

"АЭС Өскемен ГЭС" және "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік қатысу үлестері ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының оң салалық қорытындысын алған жағдайда "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ құжатта Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, энергетика, ұлттық экономика министрліктері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдануы тиіс екені айтылады.

"Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, өткен жылдың наурыз айында энергетика министрі Өскемен және Шүлбі ГЭС-ы стратегиялық маңызды нысан болғандықтан, жекешелендіруге жатпайтынын әрі сатылмайтынын хабарлаған еді.

Еліміздегі екі ірі ГЭС "Самұрық-Қазына" қорына өтетін болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.