Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларыммен саяхаттаймын": IT маманы 4,5 миллион теңгеге қалай ие болды

Опубликовано:

Лотерея жеңімпазы
Александр. Фото: "Сәтті Жұлдыз"

Бәлкім, әңгіме сәттілік туралы болғанда, ішкі түйсікке құлақ асқан жөн болар? Бұған аяқ асты көңілі қалап, лотерея билетін сатып алған алматылық бағдарламашы Александрдың көзі жетті. Оның алған билеті сәттілік әкелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

43 жастағы IT маманының сөзіне сенсек, ол лотерея билеттерін сирек сатып алады - жылына әрі кеткенде бір-екі билет. Ол үшін бұл өзіндік ойын-сауық түрі және ол үлкен ұтысқа ие боламын деп үміттенбеген де екен. "Сәтті Жұлдыздан" TeleBingo билетін сатып алғанда да ол ұтысқа дәмелі емес еді.

"Желтоқсанның 24-і күні лотереяға қатысу туралы жарнаманы көріп, аяқ асты билет сатып алғым келді. Мен оны sz.kz ресми сайтында сатып алдым, бәрі күтпеген жерден болды. Рождество қарсаңында неге лотерея сатып алмасқа деп ойладым", - дейді Александр.

Ұтысқа қол жеткізгені туралы SMS хабарлама келгенде, Александр әрі кетсе 500 немесе 1000 теңге ұтқан болармын деп ойлаған көрінеді. Алайда ұтыс көлемін білу үшін сайтқа кірген.

"Экранда – 4,5 миллион теңге деп тұрды. Оны көрген кезде өз көзіме сене алмай, біраз есеңгіреп қалдым. Сосын экранға қайта назар салдым. Десе де ұтқаныма еш күмәнім болмады, өйткені "Сәтті Жұлдыз" - ұлттық лотерея. Келесі күні мен компанияның кеңсесіне қоңырау шалып едім, олар менің ұтысымды растады", - дейді ол.

Александр ақшаны қайда жұмсайтынын шешіп қойған - ол отбасымен саяхаттап, үш қызына әлемді көрсетуді армандайды.

Ол лотереяның басқа қатысушыларына... ұтыс туралы көп ойламауға кеңес берді - осылайша, оның ойынша, ұтыс одан да жағымды болып, күтпеген тосын сыйға айналады. Ал, егер ұтпаған болсаңыз, онда сіз қатты ренжіп, көңіліңіз түспейді.

"Талпынған адам жеңеді, бірақ бұған аса көп мән берудің қажеті жоқ. Басқа қатысушыларға да сәттілік тілеймін. Лотереяға қызық үшін әрі көңіл көтеру үшін қатысып көруге болады - сонда ерекше қуанышқа бөленесіз, ал ұтыс болмаған жағдайда көңіл-күйіңіз түспейді. Тек анда-санда қатысуға кеңес беремін. Сонда асығыңыз ерте ме, кеш пе алшысынан түседі", – деп түйіндеді ол.

Әрбір қазақстандықтың өз бағын сынап, жеңімпаз атануға мүмкіндігі бар. Оның үстіне бір емес, екі пәтер ұтып алуыңыз әбден мүмкін! Жеңімпаз атану оп-оңай.

Ол үшін сайтта "Пәтер" лотожинағын немесе "Сәтті Жұлдыз" сату орнында TeleBingo лотереясының 5 билетін сатып алу қажет. Әрбір билеттегі комбинация кездейсоқ жасақталады. Бір қатысушы сатып ала алатын билеттер саны шектеусіз.

Бірінші пәтердің ұтысы 2023 жылғы 8 қаңтарда сағат 9:00-де Satty Zhuldyz YouTube арнасында және 31 арна тікелей эфирінде өтеді. Екінші пәтердің иесі 15 қаңтар күні өтетін ұтыс ойынында анықталады.

Сонымен қатар әрбір лотереяға қатысушының бас жүлде – SuperBingo-ны ұтып алуға толық мүмкіндігі бар. Бүгінгі күні ұтыс сомасы қазірдің өзінде 283 208 549 теңгені құрап отыр.

Ал, ең бастысы, сізге сыйлық ретінде нақты бұйыратыны - бұл ұмытылмас эмоциялар, уақытты көңілді әрі қызықты өткізе алу. Қатысыңыз, сәттілік сергіңіз болсын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004403-balalarymmen-sayaxattaimyn-it-mamany-45-million-tengege-qalai-ie-boldy/

pixel