Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Продюсер Баян Алагөзованың әкесі өмірден өтті

Жарияланған күні:

Баян ата-анасымен
Баян Алагөзова ата-анасымен. Фото: Іnstagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың әкесі өмірден өтті. Бұл туралы тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан Баян Алагөзованың отбасына көңіл айтып, Мақсат Мұхитденовтің отбасының тірегі болғанын атап өтті.

"Бүгін Баян құрбым әкесінен айырылды. Иманды болсын. Адам үшін орны толмас қаза. Баян Мақсатқызы әкесін қатты жақсы көретін. Мақсат аға терең ойлы, ақылды, жан-жақты адам еді. Ол кісі кітап жазатын. Қазақтың тарихын зерттеді және балаларына тірек болатын", – деп жазды Динара Сәтжан өзінің Instagram парақшасында.

Жазбаға пікір қалдырған Тәуекел Мүсілім, Гүлмира Дайрабаева, Төреғали Төреәлі, Жеңіс Ысқақова және басқа да танымал тұлғалар Баян Алагөзоваға көңіл айтуда.

Суыт хабар жайлы Instagram желісінде KeшYOU тобының директоры Назым Басқынбаева да жазды. Ол Мақсат Мұхитденовтің дана, сабырлы, жарқын және өте жақсы адам болғанын айтты. Оның қазасы отбасы үшін үлкен соққы болды деп қосты ол.

KAZ.NUR.KZ редакциясы да продюсердің отбасына көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004440-prodyuser-bayan-alagozovanyn-akesi-omirden-otti/