Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда мал бағып жүріп жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Опубликовано:

Полицей
Полицей. Көрнекі фото: piqsels.com

Батыс Қазақстан облысында мал бағып жүріп адасып кеткен жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 6 қаңтар күні Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі аумағында болды.

”Қоскөл ауылынан 4 шақырымдай жерде 2008 жылғы жасөспірім мал бағып жүріп, сағат 10.00-де ауа райының нашарлауына байланысты бағытынан жаңылған. Бұл туралы сағат 15.48-де хабар түскен. Іздестіру жұмыстарына ТЖ, полиция бөлімдері, жергілікті атқарушы органдар және тұрғындар жұмылдырылды.

Соның нәтижесінде сағат 16.40-та жасөспірім аман-есен табылды. Ол медициналық көмекті қажетсінген жоқ. БҚО ТЖ департаменті жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады. Әсіресе, қариялар мен балалардың жалғыз кетпегені дұрыс”, - деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004472-batys-qazaqstanda-mal-bagyp-zurip-zogalyp-ketken-zasospirim-tabyldy/