jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Павлодарда әйеліне ашулы ер адам бесінші қабаттан заттар лақтырған

Терезеден киім лақтырып жатқан сәт
Терезеден киім лақтырып жатқан сәт. Көрнекі фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда әйеліне ашулы ер адам бесінші қабаттан заттарды лақтырған. Тәртіп сақшылары ерлі-зайыптылармен осындай фактілерге жол бермеу және абаттандыру ережелерін сақтау туралы профилактикалық әңгіме жүргізді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласы полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне көпқабатты үйдің тұрғындарының бірі көмек сұрағаны туралы шақыру түскен.

“Оқиға орнына келген тәртіп сақшыларына әйел адам бірге тұратын ер адаммен дәмханадан оралғаннан кейін үйде  сүйіктісі жанжал шығарып, тұрмыстық заттарды бесінші қабаттың терезесінен аулаға лақтырып жібергенін  айтты. Ол  ер адамға қатысты шағымданғанымен өтініш жазудан бас тартты”, —  дейді департаментте. 

Полицейлер отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасағаны үшін ер адамға қатысты қорғау ұйғарымын шығарды. Сонымен қатар, тәртіп бұзушы аулаға шашқан заттарды жинады.

Айта кетерлігі, өңір тұрғындары 4086 отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық жасаған. Сондай-ақ, аймақтың 6678 тұрғыны абаттандыру ережелерін бұзған.

Павлодарда әйеліне ашулы ер адам бесінші қабаттан заттар лақтырған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.