Қар, боран, көктайғақ: ел тұрғындарын ертең қолайсыз ауа райы күтіп тұр
Жарияланған күні:
Қазақстанның барлық аймақтарында дауылдық ескерту жарияланды. Синоптиктер елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғатынын, сондай-ақ көктайғақ болатынын болжап отыр. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.
Синоптиктердің болжамынша, ертең 8 қаңтарда Түркістан облысы мен Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігі мен таулы аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Маңғыстау және Қызылорда облыстарында түнде көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, оның жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Ұлытау облысының басым бөлігінде ертең боран соғып, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Ал облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады және облыстың шығысында оның жылдамдығы 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Синоптиктердің болжамынша, Ақмола облысында ертең түнде қар жауады деп күтіледі, күндіз де қар жаууы мүмкін. Облыста боран, күндіз көктайғақ болады деп күтілуде. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, сондай-ақ облыстың шығысында оның жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-ке жетуі ықтимал.
Сол сияқты Батыс Қазақстан облысында да боран соғуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады, ал облыстың оңтүстігі мен шығысында оның жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Астанада 8 қаңтарда боран күтіледі, күндіз көктайғақ болады деген болжам бар. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, оның жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Атырау облысында күшті жел соғады.
Павлодар облысында ертең синоптиктер қар, жаңбыр жауады деген болжам жасап отыр. Облыстың солтүстігі мен батысында боран соғады. Күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20, облыстың солтүстігінде 23 м/с-ке дейін жетеді.
Синоктиктердің мәліметінше, Ақтөбе облысында қалың қар жауады деп күтілуде. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады және оның жылдамдығы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с-ке дейін жетеді.
8 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, боран күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, оның жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 25 м/с-ке дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында боран күтіледі, көктайғақ болып, күшті жел соғады.
Қостанай облысында ертең синоптиктер қар жауады, облыстың солтүстігі мен шығысында - қалың қар жауып, боран соғуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Жел солтүстік-шығыстан, облыстың шығысында оның жылдамдығы 15-20, кейде 25 м/с-ке дейін жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде боран, тұман, көктайғақ пен күшті жел күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004518-qar-boran-koktaigaq-el-turgyndaryna-qolaisyz-aua-raiy-zaily-eskertu-zasaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.