Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қала маңына қатынайтын 11 автобустың қозғалысы тоқтатылды

Опубликовано:

Автобус
Автобус. Фото: instagram.com/cts_kz

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты, қала маңына қатынайтын бірнеше автобустың қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлады "City Transportation Systems" ресми Instagram парақшасында.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты, қала маңына қатынайтын №305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317, 318, 327 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды", - деп хабарлады ведомства.

"City Transportation Systems" мәліметінше, басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда.

Сонымен қатар ведомства қалалық көлік жүйесінің хабарламаларын бақылап отыруға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004547-astanada-qala-manyna-qatynaityn-11-avtobustyn-qozgalysy-toqtatyldy/