Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында жолда қалып қойған 23 адам құтқарылды

Жарияланған күні:

Ұлытау облысы
Ұлытау облысы. Видеодан скриншот: t.me/qr_tjm/2602

Ұлытау облысында 23 жолаушысы бар автобус Жезқазған-Ұлытау тас жолында тұрып қалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалып қойған 23 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі Telegram арнасы.

"Жезқазған қаласынан шыққан көлік ауа-райының қолайсыздығына және көлік құралының техникалық ақаулығына байланысты межелі жерге жете алмады.

Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаменті және полиция департаменті қызметкерлері барлық жолаушыларды эвакуациялап, Ұлытау ауылына жеткізді", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомства мәліметінше, адамдарды эвакуациялау үшін Ұлытау ауданы әкімдігінен бір бірлік техника (вахтовка) берілді.

Зардап шеккендер жоқ, эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004555-ulytau-oblysynda-zolda-qalyp-qoigan-23-adam-qutqaryldy/