jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды (видео)

Арнайы операция кезінде ұсталған күдікті
Алматы облысындағы арнайы операция. Видеодан кадр: Рolisia.kz

Алматы облысында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен арнайы операциясы барысында ірі есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа порталдың жазуынша арнайы операцияны сәтті жүзеге асу үшін прокуратура органдарының келісімі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген.

7 қаңтарда ІІМ және ҰҚК күштері ауқымды синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойды деген күдікпен ер адамды ұстаған.

"Анықталған есірткі зертханасын тінту барысында 30 келі "мефедрон" психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реактивтер табылып, тәркіленді", – дейді құқық қорғау органының өкілдері.

Құзырлы орган қазіргі уақытта синтетикалық есірткі өндірісіне қажетті жабдықтарды жеткізу арналары және басқа да сыбайластарды анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Аталмыш факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп қосты құқық қорғау органының өкілдері.

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.