jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Қоғамдық орындарда бейәдеп сөйлегендерге салынатын айыппұл мөлшері ұлғайды

    полиция қызметкері тұрғынның өтініш-арызын тыңдауда
    Полиция қызметкері. Фото: polisia.kz

    Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Күрімбаев ведомствода өткен брифингте бұдан былай қоғамдық орындарда бейәдеп сөз айтқан қазақстандықтардың қандай жауапкершілікке тартылатынын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Күрімбаев бұл айыппұл мөлшері биыл 3 қаңтарда президент қол қойған экологиялық құқық бұзушылықтар мен вандализм үшін жауапкершілікті күшейту туралы түзетуде қарастырылғанын атап өткен.

    "Жаңа редакцияда қоғамдық орындарда бейәдеп сөйлеу, жеке тұлғаларды балағаттап, қорлау, ғимараттарға, тұрғын үй-жайларға, қоғамдық орындардағы, көліктегі мүлікке зақым келтіру - ұсақ бұзақылық деп танылады.

    Қазіргі уақытта ұсақ бұзақылық үшін 5 АЕК, яғни 17 250 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жауапкершілік қарастырылған. Ал жаңа редакцияда айыппұл 20 АЕК, яғни 69 000 теңге немесе 5 күннен 30 тәулікке дейін қамауға алу көзделген", - дейді Азамат Күрімбаев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.