Антикор белгілі блогерді 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен қамауға алды
Жарияланған күні:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі блогер Тоқберген Әбиевті кәсіпкерлерден ірі сомада ақша бопсалады деген күдікпен қамауға алды. Бұл туралы ведомствоның ресми Telegram арнасында хабарлады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Т. Әбиевтің бұқаралық ақпарат құралдарында зиянды мәліметтерді тарату және өз Youtube арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікпен ұстады", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, 2022 жылдың 14 желтоқсанында Әбиев 50 миллион теңгемен ұсталып, соттың санкциясынан 2 ай мерзімге қамауға алынған.
Бұдан басқа, құзырлы органның баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сәйкес, Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті" ЖШС жеке заңды тұлғасын тіркегені анықталған.
"Аталған ұйымның басшысы болып көрініп, сол арқылы билік өкілінің бейнесін жасай отырып, Әбиев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып ақпарат пен материалдар беруді талап етті.
Абиев тек өзіне-өзі қызмет ету себептерін көздей отырып, ақшалай сыйақылар үшін жеке тұлғаларға өз ұйымы қызметкерінің қызметтік куәліктерін беріп, оларды билік өкілінің мәртебесі туралы жаңылыстырды", - деп жазылған хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттенттігі өкілдері сондай-ақ, Әбиевтің қызметі құқық қорғау органдарының жұмысымен ешқандай байланысты болмағанын айтады.
Бүгінде Әбиевтің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде, дейді агенттік.
"Әбиевтің заңсыз қызметінің барлық осындай фактісі туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп жазылған хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004677-antikor-belgili-blogerdi-50-mln-tenge-aqsa-bopsalady-degen-kudikpen-qamauga-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.