jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Маңғыстау облысында автобустың қатысуымен болған жол апатынан үш адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы. Фото
Жол-көлік оқиғасы. Фото: Кадр видеодан алынды. "Лада" басылымы

Ақтау-Ақшұқыр тас жолында жол апаты болып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Лада" басылымы.

Белгілі болғандай жол-көлік оқиғасы 9 қаңтарда Ақтау-Ақшұқыр тас жолының 14-шақырымында, сағат шамамен 15:35-те орын алған.

Полиция ұсынған мәліметтерге сай, ZAZ Chance маркалы көлік иесі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, King Long автобусымен соқтығысқан. Апат салдарынан үш адам оқиға орнында мерт болған.

Аталған факті Түпқараған ауданының полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бабы бойынша тіркелген.

Осыған орай, полиция тұрғындар мен жаяу жүргіншілерге ауа райының қолайсыздығына жолдарда өте сақ болуға шақыруда.

Маңғыстау облысында автобустың қатысуымен болған жол апатынан үш адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.