jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

ТЖМ елімізде 122 жол учаскесі жабық екенін мәлімдеді

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін таңғы 6.00-дегі жолдарға қатысты өзекті ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты жолдың 122 учаскесі жабылған.

Оның ішінде 42 жолда дизельмен жүретін жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына тыйым салынғанғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, өңірлердің ішінде әзірге Қарағанды облысында ғана жолда автокөлік жиналғаны анықталды. Ведомство өкілдері қазір Қарағанды облысының Теміртау қаласынан шыққан тұсында 57 техника тұрғанын хабарлайды.

Сонымен қатар осы тәулікте құтқарушылар 7 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялағаны мәлім болды.

Бұған қоса ТЖМ уақытша жылыту пунктіне 56 адам орналастырылғанын, оның ішінде 11 бала бар екенін айтады.

ТЖМ елімізде 122 жол учаскесі жабық екенін мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.