Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олигархтардың баласы": Полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді

Опубликовано:

Кадр видеодан алынды.
Кадр видеодан алынды.: t.me/basekz

Желіде жас жігіттердің сөзге келіп, төбелесіп жатқан видеосы тарады. Бейнежазба авторының айтуынша ондағы азаматтар "олигархтардың баласы" екен. ІІМ ресми Telegram-арнасы аталған видеоны Алматы полициясы тексеріп жатқандығын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бәсе" Telegram-арнасында жарияланған видеода ғимарат ішінде төбелесіп жатқан ер адамдарды көруге болады. Сондай-ақ онда төбелес Алматыда, олигархтардың ұлдарының арасында болып жатқандығын айтылады.

Ведомстводан хабарлағандай, аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

"Төбелеске қатысушылар анықталды және олардан жауап алынды. Қақтығысқа қатысушылардың алған жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Бұған қоса тәртіп сақшылары қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы жүргізіп жатқандығын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004736-oligarxtardyn-balasy-policiya-zelide-taragan-videoga-tusinikteme-berdi/

pixel