Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда блогер Аслан Өтепов қамауда қалатын болды

Опубликовано:

Аслан Өтепов. Фото
Аслан Өтепов. Фото: uralskweek.kz

9 қаңтарда Батыс Қазақстан облыстық сотында қамауға алынған блогер Аслан Өтеповке қатысты бұлтартпау шарасы туралы шағым қаралды. Қорытынды шешім бойынша бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалатын болды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың 31 желтоқсанында Орал қаласының тергеу сотының санкциясымен Аслан Өтепов қамауға алынған. Алайда ол онымен келіспей, сотқа шағым түсірген.

Осылайша сот 9 қаңтар күні аталған шағымды қараған. Бұл ретте алқа судьясы сотқа дейінгі тергеу органдары блогердің алаяқтық, алаяқтыққа оқталу және лауазымды адамға бірнеше рет пара беру айыбы бойынша күдіктелгенін атап өтті.

Сондай-ақ айыпталушының адвокаты судьяға бұлтартпау шарасы тым қатал екенін айтқан. Ол қорғаушысының тергеуге кедергі келтіруі мүмкін емес екенін әрі оның тұрақты тұрғылықты жері, асырауындағы отбасы барын және бұрын сотталмағанын, мінездемесі оң екенін атап өтті. Осыған орай, адвокат судьядан блогерді кепілге беруді немесе үй қамағына алуды сұрады.

"Өтеповке 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, бөтеннің меншігіне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелуде. Жеке шағымның дәлелдерін облыстық сот судьясы дәрменсіз деп санайды (...). Судья қаулысының күшін жоюға және қорғау тарапынан шағымды қанағаттандыруға негіз жоқ", - деп шешті облыстық сот.

Нәтижесінде блогерді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды.

"Шешім жарияланған сәттен бастап күшіне енді, шешім түпкілікті болып саналады және шағымдануға болмайды", - деді облыстық сот.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004751-oralda-bloger-aslan-otepov-qamauda-qalatyn-boldy/

pixel