Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде ер адамның соққыға жығылған сәті видеоға түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

Кадр видеодан алынды.
Кадр видеодан алынды: Telegram/POLICE_of_KZ

Ақтөбеде алкомаркеттердің бірінің жанында болған төбелес видеоға түсіп қалды. Аталған жайт бойынша бүгінде 22 жастағы күдікті ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram-арнасы.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 7 қаңтарда Тургенев көшесіндегі алкомаркеттердің бірінің жанында төбелес болған.

Белгілі болғандай, алдымен жәбірленуші мен күдіктінің арасында жанжал туындаған, кейін ол төбелеске ұласқан. Осылайша жас жігіт жәбірленушіге дене жарақатын салған.

Сонымен бірге күдіктінің полицейлерден қашқаны, алайда қашып кете алмағаны белгілі болды.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен 22 жастағы ақтөбелік тұрғынды қамауға алғандығы анықталды.

Бүгінде осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігінде қарастырылған "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ескерту! Видеоны жүйкесі жұқа адамдарға, аяғы ауыр әйелдер мен 18 жасқа толмағандарға қарау ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004755-aqtobede-er-adamdy-soqqyga-zyqqan-sat-videoga-tusip-qaldy-video/

pixel