Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сабақтан тыс уақытта болған": Жетісу облысы әкімдігі желідегі қыздар төбелесіне қатысты видеоға пікір білдірді

Опубликовано:

төбелес
Қыздар арасындағы жанжал. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік желіде талдықорғандық қыздар арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Онда бір қыздың өз қатарластарынан жәбір көріп жатқанын байқауға болады. Жетісу облыстық әкімдігі қазіргі уақытта осы жайт бойынша әкімшілік іс қозғалғанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында журналист, тележүргізуші Гүлмира Әбіқай бөлісті.

"Бүгін әлеуметтік желіге қыздар төбелесі тарап кетті. Ақпарат көзінің дерегінше, бұл Талдықорған қаласындағы кешкі мектеп оқушылары.

Сабалған қыздың ата-анасы мынаны көрсе қандай күйде болмақ? Қыздың денсаулығына келген зиянды кім өтейді? Әңгімесіне қарасаң, жабылған үш бойжеткен ақша тап деп бопсалап тұрған сияқты. Кешірім, анау-мынау демей қыз бен құрбыларын жазалау керек", - дейді аталған видеоға қатысты журналист.

Бұл жайтқа Жетісу облысы әкімдігі пікір білдіріп, облыс әкімдігі білім басқармасының, құқық қорғау органдарының, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

"Комиссия қыздардың оқитын оқу орындарының тәрбие жұмысына тексеру жүргізеді.

Жәбірленген қызға барлық қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Бұдан бөлек, күш қолданған қыздарды одан әрі оқыту мәселесі қаралатын болады.

Бұл оқиға Талдықорғанның пәтерлерінің бірінде сабақтан тыс уақытта болған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство қазіргі уақытта осы факт бойынша әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004756-sabaqtan-tys-uaqytta-bolgan-zetisu-oblysy-akimdigi-zelidegi-qyzdar-tobelesine-qatysty-videoga-pikir-bildirdi/

pixel