jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

БҚО-да қатты аязда ауыл тұрғындары газсыз қалды

Газ
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында қатты аязда ауыл тұрғындары газсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 10 қаңтар күні Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округіне қарасты Горбунов ауылында болды.

"Аталмыш елді мекенде сағат 09.25-те газ апаттық жағдайда ажыратылған. Салдарынан 31 абонент газсыз қалды. Сыртта 30 градус аяз. Газ құбыры "Әлия сервис" ЖШС жеке ұйымына тиесілі. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстарына аталған ЖШС-дан 4 қызметкер, 1 техника және "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-дан 4 қызметкер, 1 техника жұмылдырылды”, - деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар осы ауданның Трекин ауылында газ қысымы төмендеген.

"Таңғы сағат 05.00-ден кете электр жарығы сөніп, 10.00-де жанды. Біраз уақыттан бері газдың қысымы шамалы, жылтырап жанып тұр", - деді ҚазАқпарат тілшісіне Трекин ауылының тұрғыны Қуаныш Таубаев.

БҚО-да қатты аязда ауыл тұрғындары газсыз қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.