Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде шетелден келетін қандастар мен қоныс аударушыларға бөлінетін квотаның саны артты

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Қазақстан паспорты. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда биыл шетелден келетін қандастар мен қоныс аударушыларға бөлінетін өңірлік квотаның саны артып отыр. Яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 566 адамға артық квота бөлінген, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен 2023 жылы қандастар мен қоныс аударушы 8 652 адамға өңірлік квота белгіленген.

"Бұйрықтың мақсаты – үкімет айқындайтын өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы қоныстандыру", – делінген хабарламада.

2023 жылғы квота келесідей бөлінген:

Қандастар үшін:

  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 138;
  • Қостанай облысы бойынша – 150;
  • Абай облысы бойынша – 196;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 239;
  • Ақмола облысы бойынша – 270;
  • Павлодар облысы бойынша – 932 адам.

Қоныс аударушылар үшін:

  • Қарағанды облысы бойынша – 33;
  • Ұлытау облысы бойынша – 120;
  • Абай облысы бойынша – 238;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 305;
  • Қостанай облысы бойынша – 530;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 2 660;
  • Павлодар облысы бойынша – 2 841 адам.

Министрлік қандастар мен қоныс аударушыларды қолдау үшін қосымша субсидия түрінде көмек беру да қарастырылғанын атап өтті. Мысалы:

  • көшуге – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) көлемінде біржолғы төлем;
  • бір отбасына 12 ай ішінде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін 15-тен 30 АЕК-ке дейін (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) төленеді.

Айта кетейік, 1991 жылдан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тарихи отанына 1 млн 107 мың этникалық қазақ оралған. 

Былтыр 19 178 этникалық қазақ қандас мәртебесін алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004798-elimizde-setelden-keletin-qandastar-men-qonys-audarusylarga-bolinetin-kvotanyn-sany-artty/

pixel