Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйде газ жарылды: қаза тапқандар бар

Опубликовано:

Өрт
Видеодан кадр: Youtube/ Төтенше жағдайлар министрлігі

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйде газ жарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Қарағанды қаласында 16 қабатты 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде газ жарылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде сыртқы белгілері бойынша 8-қабаттағы пәтер ашық жалынмен жанып жатты.

Құтқарушылар кіреберістегі пәтерлерден адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізуде. Кіреберісті қою түтін басты”, - делінген хабарламада.

ТЖМ дерегіне сүйенсек, оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының жалпы саны жеке құрамнан 50 адам мен 12 бірлік техника жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ тұрғындарды жылыту үшін Қарағанды облысы ТЖ департаментінің үш вахталық автобусы аттанған.

”Алдын ала болжам бойынша жарылыс болған үйден үш мәйіт табылды, тағы бір адам ауруханаға жатқызылды”, - деп қосты ведомствода.

ТЖМ қаза тапқандардың екеуі ер адам, бірі әйел деп болжап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004857-qaragandyda-kopqabatty-turgyn-uide-gaz-zaryldy/

pixel