40 градусқа дейін аяз: сәрсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер сәрсенбі, 11 қаңтарда еліміздің ірі қалалары мен өзге де облыстарда ауа райы қандай болатынын болажды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін респбуликаның басым бөлігінде арктикалық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.
Еліміздің солтүстігінде қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қалың қар, желдің күшеюі, бұрқасын, көктайғақ, сондай-ақ республика бойынша тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында 25 градусқа дейін, Ақмола облысында 40 градусқа дейін, Қарағанды облысында 35-38 градусқа дейін, Ақтөбе облысында 35-36 градусқа дейін, Атырау облысында 30 градусқа дейін, Түркістан облысының солтүстігінде 25-27 градусқа дейін, Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градусқа дейін қатты аяз сақталады.
Сонымен қатар бүгін Алматыда да -10...-12 градус аяз күтіледі, кейін ауа температурасы тағы төмендеуі мүмкін. Бұған қоса оңтүстік астанада қалың қар жаууы ықтимал. Ал желдің жылдамдығы 0-5 м/с.
Астанада да қар жаууы мүмкін, алайда елордада бүгін -26...-28 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Сонымен қатар бас шаһарда желдің жылдамдығы 3-8 м/с-қа дейін жетеді деп күтіліп отыр.
Шымкентте бүгін күн ашық, -8 -10 градус аралығында аяз болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004866-40-gradusqa-deiin-ayaz-sarsenbide-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/