Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда әуежайында азаматтардың мазасын алған ер адам айыппұл арқалады

Опубликовано:

әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елорда әуежайында азаматтардың мазасын алып, полицейлерге бағынбаған мас күйдегі ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа порталдың жазуынша, 11 қаңтарда Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне кафе даяшысы жүгінген.

Ол кафеге келген азаматтардың мазасын алып, өзін дөрекі ұстаған белгісіз бір адамға қатысты шаралар қабылдауды сұраған.

Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуынша, тексеру барысында көлік полицейлері Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғынын анықтаған.

Ер адам мас күйде болған және полиция бөлмесіне жеткізу кезінде ЖПб қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ол "орташа дәрежедегі" алкогольдік масаң күйде болған.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434, 440 және 667-баптары, яғни ұсақ бұзақылық жасағаны, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін бірден үш әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК (17 250 тг) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.

Сонымен қатар ұсақ бұзақылық және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау жөніндегі материалдар шешім қабылдау үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005157-elorda-auezaiynda-azamattardyn-mazasyn-algan-er-adam-aiyppul-arqalady/

pixel