Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ елде "омикрон ХВВ" нұсқасы анықталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

ПТР тестілеу
ПТР тестілеу. Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанда "омикрон ХВВ" нұсқасы анықталған жоқ, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты.

Ведомствоның хабарлауынша, соңғы аптада республикада коронавирус инфекциясымен сырқаттану көрсеткіші 4 пайызға, 1135-тен 1089 жағдайға дейін төмендеген.

Сонымен қатар бүгінде тәулігіне оң ПТР нәтижесі бар 200-ге дейін және COVID-19 жағдайы және теріс ПТР нәтижесі бар 10-ға дейін COVID-19 жағдайы тіркелгендігі белгілі болды.

"Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Осыған сүйене отырып, ҚР-да коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп айтуға болады", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, ведомство таратқан мәліметтерге сәйкес, бөлінген штамдардың соңғы реттілігі республикада 100% жағдайда "омикрон" нұсқасының айналымы анықталғанын көрсеткен. Осыған орай, таратылған ақпаратқа бойынша Қазақстанда "омикрон ХВВ" (кракен) нұсқасы анықталмағанын айта кеткен жөн, дейді министрлік өкілдері.

Сондай-ақ, министрлік хабарламасында зерттелген үлгілердің 99,9 пайызын құрайтын "омикрон" нұсқасы, әлі де әлем бойынша басты штамм болып келе жатқандығы атап өтілген.

"XBB нұсқасына келетін болсақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес 2022 жылдың қазан айынан бастап әлемнің 38 елінде анықталған "омикрон" нұсқаларының бірі, науқастардың ең көп саны Америка Құрама Штаттарында анықталған", - делінген хабарламада.

Сол сияқты ведомство өкілдері аурудың клиникалық ауырлығы мен эпидемиологиялық маңыздылығы бойынша зертханалық зерттеулер жалғасып жатқандығын айтады.

"ДДҰ ХВВ нұсқасын зерттеу мен эпидемиологиялық бақылауды жалғастыруда. Коронавирус айналымының жалғасуын ескере отырып, біз мындай кеңес береміз:

- уақтылы вакцинациялау мен ревакцинациялау алу;

- халық көп жиналатын жерлерде маскаларды пайдалану;

- адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;

- қолды тазалау үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды пайдалану", - деп жазылған хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005170-dsm-elde-omikron-xvv-nusqasy-anyqtalgany-turaly-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel