Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да із-түзсіз жоғалған балықшының өлі денесі табылды

Опубликовано:

Жоғалған балықшының денесі. Фото
Жоғалған балықшының денесі. Фото: POLISIA.KZ

СҚО-да бірнеше күннен бері іздестірілген 31 жастағы балықшының өлі денесі табылды, деп хабарлайды ІІМ POLISIA.KZ ресми Telegram-арнасы.

Ведомствоның мәліметінше, 11 қаңтар күні сағат 16.00 шамасында СҚО Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылынан 5 шақырымдай жерде орналасқан орман алқабының жанынан, ТЖ және полиция қызметкерлерінің іздеу тобы Новоишимское ауылының 31 жастағы тұрғынының қармен жабылған денесін тапқан.

Белгілі болғандай, ол 9 қаңтардан бері із-түссіз жоғалып кеткен. Марқұмның жоғалғаны туралы шағымды, полиция бөлімінде оның анасы жазған. Айтуынша, ұлы екі танысымен бірге балық аулауға шығып, сол күй қайтып оралмаған.

Полицияның баспасөз қызметі, 31 жастағы тұрғынның қалай жоғалып кеткені туралы да ақпарат ұсынған. Оған сәйкес, қаңтардың 7-нен 8-не қараған түні Новоишимское ауылынан келген үш балықшы Ступинка ауылының жанындағы көлде болғаны анықталды.

Осылайша, сағат 23.00 шамасында спирттік ішімдіктерді бірге отырып ішкеннен кейін, олардың бірі Сергеевка қаласындағы туысына жаяу баратынын айтқан. Ал жанындағы таныстары оған қарлы боранда түнде жаяу жүрмеуге шақырған. Десе де, марқұм олардың сөздеріне көнбей, кетіп қалған.

Сондай-ақ жергілікті полиция департаменті іздеу жұмыстарына аудандық полицияның жеке құрамы, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар жұмылдырылғанын айтады.

Тағы бір айта кетерлігі, жоғалған азаматтың денесінен ешқандай қылмыстық белгілер табылмағаны анықталды.

ПД дерегінше, марқұмның өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша анықталатын болады.

Бұған қоса аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде адамның жоғалу фактісі бойынша тіркелгендігі белгілі болды. Процессуалдық тексеру жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005173-sqo-da-iz-tuzsiz-zogalgan-balyqsynyn-oli-denesi-tabyldy/

pixel