Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде аяздың беті қайтады
Жарияланған күні:
Синоптиктер алдағы үш күнге, 14-16 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, еліміздің кейбір өңірінде күн жылынады деп күтілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын кеңейтеді, яғни жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың тек солтүстік және шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты қар және боран болып, ауа-райы тұрақсыз болады.
Түнде ауа температурасының шамалы көтерілуі болжанады:
елдің батысында -9...-19 градустан -5...-17 градус;
оңтүстігінде -15 градустан -25 градус, -13 градустан -21 градус;
оңтүстік-шығыста -20...-38 градустан -15...-26 градусқа көтерілуі ықтимал.
Түнде ауа температурасы келесідей болады деп болжануда:
солтүстік-батыста -13...-28 градус;
солтүстігінде -10...-23 градус;
орталықта -17...-28 градус;
шығыста -18...-32 градус.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005274-aldagy-kunderi-qazaqstannyn-birnese-onirinde-ayazdyn-beti-qaitady/