Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Дүйсенова: Елімізде аз қамтылған адамдар саны артты

Опубликовано:

Бос әмиян
Бос әмиян. Көрнекі фото: Рexels.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Қазақстанда инфляцияның жоғары болуына байланысты халықтың аз қамтылған бөлігінің үлесі артқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері Ұлттық банктің мәліметі бойынша 2022 жылғы желтоқсанда Қазақстанда жылдық инфляция 20,3 пайыз, ал азық-түлік инфляциясы 24 пайыздан астам болғанын атап өтті. Осыған байланысты журналистер министр Тамара Дүйсеновадан елде кедейлер көбеймеді ме деп сұрады.

"Елімізде аз қамтылған адамдар саны артты. Егер былтыр аз қамтылғандар саны 4,9 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткіш 5,1 пайызға жетті", — деп жауап берді Тамара Дүйсенова.

Десе де, тиісті мәліметтер департаментке 15 қаңтардан кейін түседі.

"Жоғары инфляция азаматтардың кірісінің көп бөлігін алып қоюда. Азаматтар ақшасының көбін азық-түлік сатып алуға жұмсайды. Мысалы, 150 мың теңге туралы айтар болсақ, қазір бұл ақшаның 60-70 пайызы азық-түлікке кетеді. Осылайша, отбасының одан әрі тіршілігіне қаражат азайып қалады. Әрине, бұл жағдай әр отбасының бюджетіне әсер етеді", — деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005320-tamara-duisenova-elimizde-az-qamtylgan-adamdar-sany-artty/

pixel